Без категории

«Астана-арман қала»

 

Жиналғандардың назарына Елорда жайлы деректі фильм ұсынылды. Онда бас қаламыздың қалыптасу кезеңдері көрсетілген. Әсем ғимараттардың пайда болу тарихы жайлы кеңірек баяндалады.

 

Майра Әшімова, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың қазақ тіліндегі әдебиеттер бөлімінің басшысы:

– Біз Елорда күні қарсаңында осындай шараларды жылда ұйымдастырамыз. Биыл кең көлемдегі кітап көрмесі ашылды. Онда Астананың тарихынан сыр шертетін кітаптар қойылған.

 

Астана – Қазақстанның жетістігі мен табысының белгісі. Екатерина Ильина Астананың бүгіні мен кешегісіндегі оң айырмашылық айқын дейді. 15 жыл ішінде елорда танымастай боп өзгерген. Өзіндік стилі мен архитектурасы, қанық бояулары мен зәулім ғимараттары арқасында төрткүл дүниеге танымал болған қала еліміздің әрбір азаматының мақтанышына айналды.

 

Екатерина Ильина, қалалық ардагерлер кеңесі бастауыш ұйымының төрайымы:

– Астана – шығыстың да батыстың да ең керемет қасиеттерін бойына жинап, дамып келе жатқан шаһар. Мен бұрындары шетелдерге жиі шығатынмын. Сонда олардың тамаша келбетіне таң қалатынмын. Қазір енді Елордамыздың да ірі қалалармен терезесі тең.

 

Ал, Астанаға арналған оқулықтар көрмесінің электрондық нұсқасын кітапхана сайтынан көруге болады.

 

Мағжан Ахмадина