Спорт

Солтүстікқазақстандық спортшылар Азия чемпионатынан алтын алқалармен оралды

Абсолютті салмақ дәрежесінде әйелдер арасында Виктория Фролова жеңіске жетіп, халықаралық спорт шебері нормативін орындады. Юниорлар арасында спорт шебері Алексей Баталов чемпион атанды. Ол мүмкіндігін 80 келі дәрежесінде көрсетті. Жерлестерімізді бұл сынға жоғары дәрежелі бапкер-оқытушы Олег Чегодаев дайындады.