Құқық қорғау органдары

Скутерді қолды қылған ұры құрықталды

 

Мир көшесіндегі ауладан баласының скутері жоғалды деп облыс орталығының тұрғыны ішкі істер басқармасына келіп шағымданады. Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары бірден сұрастыру жұмыстарына кірісіп кетеді. Куәгерлер жоғалған скутерге ұқсас көлікті «Казахстанская правда» көшесі жағында мас жігіттің әкетіп бара жатқанын көріпті.   Қамауға алынған 22 жасар жігіт Петропавл қаласының тұрғыны болып шықты. Осыған дейін істі болмаған, оның айтуы бойынша ол ешқайда жұмыс істемейтін көрінеді. Ішімдікті сіміріп алып, қараусыз қалған скутермен серуендемек болған. Оны оталдыра алмаған соң туысының ауласына жасырып қоюды жөн көрген. Қазіргі кезде скутер иесіне қайтарылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қала сыртына шықпау туралы қолхатпен босатылды. Тергеу амалдары жалғасуда.

 

Майгүл Қажжан