Спорт

Петропавлда зіл темірді жатып көтеру және пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты басталды

Ал, әзірше, әр түрлі салмақ дәрежелерінде қыздар өзара күш сынасуда. Олар көтеретін салмақ 180 келіге дейін. Бүгін бастау алатын бәсекеде жерлесіміх Роман Огородникке үлкен үміт артылуда. Себебі, ол – 2012 жылы Чехияда өткен зіл темірді жатып көтеру чемпионатының күміс жүлдегері, әрі өңірімізден Қазақстан құрамасына енетін, жалғыз ғана өкіл.

 

Қанат Конуров, жарыстың бас төрешісі:

-Осылайша біз Азия чемпионатына қатысатын зілтеміршілерді іріктейміз. Жарыс Моңғолия елінде өтеді. Ал, жасөспірімдер АҚШ – та пауэрлифтинг бойынша болатын әлем чемпионатына жолдама алу үшін сынға түседі.

Берік Қасен