Салық басқармасы

Петропавлдықтардың Салық басқармасына берешегі 18 миллион теңгеден асқан

 

Сот орындаушылары алдымен К.Сүтішев көшесі, 17 тұрғын үйде тұратын борышкерлердің есігін қақты. Бұл пәтер иесінің жалпы салық бойынша жиналған қарызы – 80 мың теңге. Баспана есігін біраз уақыттан кейін үй иесінің әйелі ашты. Егер борышкерлер жағдайды ушықтыра түссе, 5 күн ішінде сот орындаушылары олардың дүние-мүлкін тәркілеуге толық құқылы.  Дегенмен борышкерлердің саны мұнымен азаяр емес. Салық басқармасының мәліметіне сүйенсек, өткен жылмен есептегенде облыс бойынша заңды және жеке тұлғалардың қарызы 18 миллион 300 мың теңгеден асып жығылады.

 

Нұрбол Тоғысбай , СҚО сот актілерін орындау департаментінің әкімшілік айыппұлды өндіру бөлімінің сот орындаушысы:

Петропавл қаласының әкімшілік айыппұл өндіру бөліміне 2013 жылдан бері 53 атқару құжаттары келіп түсті. Оның негізі салық органдарынан шығарылған. Оның ішінде 19 атқару құжаты орындалды. Жалпы сомасы 792 351 тенге.

 

Сондай-ақ,   берешекті өтемеген қарыз иелерінің шекара асуына жол жоқ.

Салық басқармасының мамандары мен сот орындаушылары келеңсіздіктер орын алмауы үшін солтүстікқазақстандықтарды  арыздарын уақтылы төлеп отыруға шақырады.

 

Берік Қасен