Ауа райы

БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен көлік прокурорлары құттықтады

Аталмыш ведомство жұмысын кеңінен насихаттап, оқырман, тыңдарман, көрермендеріне дер кезінде нақты ақпарат тарататын өңіріміздің БАҚ өкілдеріне де сый-сыяпат жасалып, құрмет көрсетілді. Еңбегі ерекшеленгендердің қатарында муниципалдық телеарнаның директоры Евгений Сазанов та бар. Әріптесім Валерия Бондарева алғыс хат иегері атанды.

 

Валерия Бондарева, МТРА тілшісі:

Еңбегім еленгеніне қуаныштымын. Өңіріміздің көлік прокуратурасы ақпарат алмасуда қолымыздан қағып көрген жоқ. Қажетті мәліметті жылдам беріп, қашанда байланыс орнатуға дайын тұрады. Әріптестігіміз нығая түсетініне сенімдімін. Мүмкіндікті пайдаланып әріптестерімді мерекемен құттықтап, шығармашылық табыс тілеймін.

 

Жеңіс Ермұқанов