Бизнес және экономика

Солтүстік Қазақстанға Түркиядан инвесторлар келді

 

Мәселен облыс орталығында тым тапшы балабақша мәселесін шешуге септеспек ойлары бар. Құрылыс саласында 40 жыл жүрген меймандар ол үшін тәжірибе жетеді дейді. Бүгінде компания жобалары бірқатар Азия елдерімен Африкада сәтті жүзеге асқан. Енді мүмкіндіктерін Қазақстанның Солтүстігінде де ендірмекші.

 

Левент Деведжи, «Peker Group Construction» компаниясының вице-президенті , Түркия:

СҚО қандай да бір бірлескен жоба құруға келіп отырмыз. Бүгін қай түста әріптестік орнатуға болатынын анықтап жатырмыз. Біздің құрылыс және инфроқұрылымды жаңғырту жағынан мол тәжірибеміз бар. Петропавлда балабақша салу жағын қарастырып жатырмыз. Ол үшін қажетті қаржы бөлуге дайынбыз. Қазақстанда сапалы құрылыс материалдары шығарылатынын жақсы білеміз. Тапсырылған нысандарды халықаралық талаптарға сай көтереміз деп сеніммен айта аламын.

 

Жеңіс Ермұқанов