ТЖ

Петропавлдың өнеркәсіп аймағында 3 қойма өртеніп етті

Қоймалардың әрқайсысының көлемі 1200 шаршы метрді құрайды. Күлі көкке ұшқан қойманың 2-еуі 1941-ші, тағы біреуі 1954 жылы салынған. Қызыл жалын шарпыған қоймаларды ауыздықтауға 5 арнайы өрт сөндіретін техника жұмылдырылды. Бірақ та  күш алған тілсіз жау ырық бермей, 2 сағат өтер өтпесте қоймалардың түгін қалдырмады. Арнайы өрт сөндіретін поезд да көмекке кешігіп келді. Бұл жердің басшысына сенсек, өрт 15-00-де басталған екен.

 

Александр Тыртышный, ҚР ТЖМ «Резерв» ММ «Орбита» облыстық филиалының директоры:

– Қоймалар 27 ГА құрайды. Барлығы 1941-54 жылдары салынған. Қоймалар ескі болған соң, қаңырап бос жатыр. Ешқандай құнды заттар жоқ. Бұл оқиғаға осы маңайда металл іздеп жүретін қаңғыбастар кінәлі. Олар оттықты жаққан соң желмен ағашқа тиіп, қоймаларға жеткен. Ағаштан салынғандықтан осылайша тез жануда. Зардап шеккендер жоқ.

 

Бану Ахметова