Балалар

«Дені сау ұрпақ – еліміздің болашағы»

Жыл сайын 26 маусымда Халықаралық нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні аталып өтіледі. Осыған орай жастар ұйымдары, есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы бірлесіп «Дені сау ұрпақ – еліміздің болашағы» атты акция ұйымастырды.

 

Рүстем Есенбергенов, «Жас ұлан» ҚБ төрағасы:

-Бүгінгі шараның мақсаты – өсіп келе жатқан жас ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Есірткі затының зиянын насихаттау.

 

Статистика мәліметтеріне сүйенсек, ағымдағы жылдың 5 айы ішінде есірткі саудасына қатысты 58 қылмыс анықталды. Заңсыз айналымнан 57 кг-нан астам әртүрлі есірткі заттары тәркіленді.

 

Мыңбай Асылбеков, СҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы:

-Облыстық наркологиялық орталықта «нашақор» диагнозымен 787 адам есепке алынған. Оның 21-сі жасөспірімдер.

 

Акция аясында иісшіл иттер жиналғандарға өз өнерлерін көрсетіп, автокөліктегі есірткіні анықтап, қылмыскердің қашып кетуіне тосқауыл болды. Жалпы есірткі бизнесіне қарсы күресте адамның төртаяқты досының тигізер көмегі зор. Пит атты мына ит талай рет қылмыскерлердің алдын орап, улы затты тасымалдаушылардың жолын кескен.

 

Николай Бойко, СҚО ІІД кинологиялық орталығының аға жедел уәкілі:

– Осы бағытта 2 жыл жұмыс істеп келеміз. Сол уақыт аралығында 5 факті анықтады. Кейбіреу үшін бұл аз болып көрінер. Бірақ 1 грамм болсын есірткі затын тәркілеудің өзі біз үшін үлкен ерлік.

 

Жастар да осындай акциялардың өткізілуін құптап, белсене қатысуда.

 

– Бүгін осындай акция өтіп жатыр. Жақсы өтуде. Есірткі бұл зиянды әдет. Біз, жастар есірткіге қарсымыз.

– Шара жақсы өтуде. Есірткі зиян. Сондықтан салауатты өмір салтын қолдаймыз.

 

Шара соңы концертке ұласты

 

Мағжан Ахмадина