Құқық қорғау органдары

Полицейлер жағажайларды бақылауда ұстауда

 

Есіл өзені мен Пестрый көлі жағажайында ұйымдастырылған рейд барысында мас күйінде суға түсіп, ыстығын баспақ болған бірнеше тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық тәртіптің сақталуы полиция қызметкерлерінің қатаң бақылауында. Жыл басынан патрульдық полиция батальонының көмегімен қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген және рұқсат етілмеген жерде алкоголь өніміндерін қолданғаны үшін 3 500 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылған.

 

Мағжан Ахмадина