Спорт

Владимир Мезевті еске алуға арналған веложарыс

 

 

 

 Міне, мына велошабандоздар шыдамдылық танытып, 50 шақырымды бағындырды. Олардың жасы не бары 15-16-лар шамасында. Үлкен сайыстарда шыңдалып, келешекте Александр Винокуров ағамыз сияқты елдің мақтанышы боламыз дейді. Солардың бірі Андрей бүгінгі межені мүлтіксіз өтіп, республикалық жарысқа сай екенін дәлелдеп отыр.

 

Андрей Молотков,жарысқа қатысушы, Орал қаласы:

Бастапқыда 6 -ауымыз бірдей қозғалдық. Желіп келе жатқанда қарсы беттен, кейін бүйірден соққан жел кедергі келтірді. Дегенмен, 50 шақырымды еңсердім.

 

Жарысқа Қазақстанның барлық облыстары қатысуда. Бірінші кезеңде спортшылар командалық және жекелей сында бақ сынасты. Әрбір спортшы өзі бағындыра алатын уақытты көрсетіп, сынға түсті.

 

Владимир Парахин, жарыстың бас төрешісі:

Велошабандоздар 6 күн бойы бақ пен бап таластырады. Соңында жеңіп шыққандар ақшалай сыйақыға ие болады. Ал, бүгінгі сайыс қорытындысы бойынша топ жарған жеңімпаздарға сары түсті жейде тарту етеміз.

 

Әзірге, жалпыкомандалық жарыста Петропавлдағы велоспорттан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері көш басында келеді. Олардың көрсеткіші 1сағат 7 мин 24 секунд.

 

Берік Қасен