Қылмыс

Букмекерлік кеңседегі тонау

 

 

 Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары бірден өз міндеттеріне кірісіп кетті. Куәгерлерден болған жайды сұрастырып көріп еді, сол түні жұмыс істеген оператор-кассир мен күзетшінің айтқаны күмән тудырыпты. Бар жағдай кеңсе әкімшісі Динара Сапарова келгеннен кейін анықталды. Ойынға тігілген ақша мен 1 түнгі табысты есептеген ол, мұндай соманың кассада болуы мүмкін емес екендігін айтты.

 

Самат Шәрішев, Петропавл қ. ІІБ тергеу бөлімінің аға тергеушісі:

  Ұтыс ойынына қатысқан. Бірақ ақша төлемеген. Ал оператор-кассир бұл соманы компьютерге енгізіп отырған. Ал таң ата ұтылған ойыншы қажетті қаражатты таба алмаған. Осылайша кассирге “кеңсе тоналды” деген жалған ақпарат айту ойы келеді. Сөйтіп полицейлерді шақырған.

 

Материалдық жағдайдың қиындығын сылтауратқан кассир күзетшіні кеңсені тонады деп айтуға көндірген. Ал кассадағы 167 мың теңгені сыртқа алып шығып, маңайдағы үйдің ауласына жасырыпты. Тергеу амалдарын жүргізген полицейлер бұл қаражатты тәркіледі. «Профит» букмекерлік кеңсесінің әкімшісі Динара Сапарова тәртіп сақшыларына қолдау көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталды.

 

 

Динара Сапарова:

-Алғыс хат бергеніне, әрине, қуанып қалдым. Мадақтау қағазын тәртіп сақшыларына беру керек деп ойлаймын. 

 

 

Айлакер кассирге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Заңның ала жібін аттаған нәзік жанды ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылды.

 

Айдана Демесінова