Спорт

Пейнтболдан жарыс өтті

 

 

 Пейнтбол әмбебап ойын ғана емес – бұл экстрималды спорт жекпежегінің жас түрі. Ондағы оқиғалар желісі күтпеген жағдайлардан құрылады. Жарыс басталмас бұрын нұсқаушылар қатысушыларды қару қолданудың негізгі ережелері және қауіпсіздік шараларымен таныстырды. Сақтықтың қамы әсіресе жаңадан келгендер үшін аса маңызды. Алайда көпке таңсық дүниелерді өзгелерден бірінші болып біліп алуға құмар БАҚ өкілдері ойын қиындық тудырмайтындығын бірден танытты.

 

Жеңіс Ермұқанов, тілші:  

Журналистер халыққа нақты ақпарат беру үшін жылдам әрі жұмыла әрекет етеді. Бұл ойынның да талабы осы. Алаңға шыққан құрама жеңіске жету үшін бірлігін танытып қас қағым сәтте шешім қабылдай білуі керек.

 

Пейнтбол – ағылшын тілінен қазақшаласа «бояушы шар» дегенді білдіреді. Сайыскерлер маркер деп аталатын арнайы пневматикалық мылтықтармен қаруланады. 68-ші колибрлі оқ желатинді қабығы бар, ішінде глицерин мен ас бояудың қосындысы. Ол суда оңай ериді тіпті ақ матадан да жылдам жуылады. Ойыншыға тиген түйіршік жарылып, киімде түрлі-түсті белгі қалдырады.

Ұрыс алаңына шыққанда өзіңді шытырман оқиғалы фильмдердің кейіпкері ретінде сезінесің. Ең бастысы секундына 100 метр жылдамдықта ұшатын оқ дәрі денсаулыққа зиян келтірмейді. Соққыдан қалың жауынгерлік камуфляж, бетперде, бандан, бронежилет қорғайды. Бұндай жабдыққа 10 журналистер құрамасы оранды. Оның екеуі муниципалдық телеарнаның шығармашылық ұжымынан жасақталған.

 

Біржан Қойшыбаев, МТРА тілшісі:

– Бұрын ойнап көрмегесін екі ойында жеңілдік. Кейін үйреніп алып қалған екі ойынды жеңдік. Ақтық сынға өту үшін бір жеңіс жетпей қалды. Мұндай ойындар жиірек ұйымдастырылса жақсы болар еді. Өте тартысты өтуде. 

 

 

Қорытынды сынға өту үшін командалардың әрқайсысы 4 кезең бойынша ойнауы тиіс. Ең жақсы төрт команда жүлделі орындарды сарапқа салды. Жеңістен бәрі дәмелі. Әрбірі өздерінің тактикалық жүйесін құрып, жүзеге асыруға талпынды. Сондықтан шайқас даласында әскери машықталған кәсіби жауынгерлер жүргендей әсер қалды. Әсіресе адамзаттың әдемі жартысының өкілдері туралы айтпасқа болмайды. Кілең ерлерден құралған бәсекелестерімен арнамыздың қыздары қажымай күресіп ер мінез танытты. Батылдық пен қулықта орын бермей, олармен тең шайқасып білектілердің бірнешеуін жарыс жолынан ығыстырып тастады. Жүлделі орындарға күресте біреу күш пен құлшынысты ойын қолданды, келесілері психологиялық шабуылмен таң қалдырды. Бір мүддеге жақсырақ ұя білген республикалық арналар мен басылымдардың меншікті тілшілері құрамасы алаңнан жеңімпаз болып шықты.

Екінші орынды “1 Северный” арнасының әуесқойлары еншіленді. Үздік үштікті “Информ-вест” апталық газетінің құрамы тұйықтады. Айту керек бұл пейнболдан өңірдегі алғашқы турнир. Келесі жарыс шілде айында ұйымдастырылмақ. Жүлде қоры – 200 мың теңге.

 

 

Жеңіс Ермұқанов