Әр түрлі

Футбол алаңындағы қайғылы оқиға

 

 

Оқиға күндізгі сағат  4 шамасында орын алған. Алғашқы таймды ойыншылар жақсы аяқтаған, құрамалар екінші кезеңді бастағанда күн райы күрт өзгеріп сала берген. Ауа райының тосын мінез танытқанына қарамастан, қарсылас құрамалар ойынды тоқтатпаған. Ақырында жас жігіт алаңда қаза тапты. Айта кету керек, бұл соңғы 5 жылда облысымызда орын алған 3-ші жай түсу оқиғасы. Сонымен қатар мамандар демалыс күндері өңірдің үш тұрғыны суға кетіп қайтыс болды дейді.

 

Евгений Журавлев, СҚО ТЖД баспасөз хатшысы:  

– Демалыс күндері  3 адамның өмірін су жалмады. Көбіне бұл жайттар белгіленбеген орындарда суға шомылу салдарынан орын алған. Жыл басынан облыстың өзен-көлдерінде 13 адам қаза тапқан. Сондықтан тұрғындар сақтансаң сақтаймын деген қағиданы ұстанса екен дейміз.