Әр түрлі

Солтүстік Қазақстан облыстық оранжереясы өсімдіктерді қорғау бойынша халықаралық кеңестің мүшесі атанды

 

Солтүсті Қазақстан ботаникалық бағының 1 ғасырға жуық тарихы бар. Қазіргі таңда аталмыш бақта жасыл желектің 200 мыңға жуық түрі өседі. Олардың көбі құрып бара жатқан өсімдіктер ретінде Қызыл кітапқа енген. Сақталған бай қор арқасында біздің оранжерея өсімдіктерді қорғау халықаралық ұйымына мүше болды.

 

Залия Рязапов «Қызылжар оранжереясы» МКҚК гүл өсіру маманы:

-Қазір 100 мыңнан астам өсімдікке жойылу қаупі төніп тұр. Мұны жасыруға болмайды.Сондықтан  өсімдікті қорғау бойынша халықаралық кеңеске мүшелік ету арқылы біз үлкен іске өз үлесімізді қосамыз.

 

Осыған қоса оранжерея қызметкерлеріне сый ретінде Германиядан сәлемдеме келді. Әлемдегі ең ірі Боннн ботаникалық бағынан біздің агрономдарға тропикалық өсімдіктердің тұқымдары келді. 19 қорапшаның ішінде агава, ликуала грандис пальмасы және магноли атты өсімдіктердің сирек түрі бар.

 

Наиля Темірбаева, «Қызылжар оранжереясы» МКҚК экскурсоводы:

-Бонн ботаникалық бағы әлемдегі ең ірі мекеме ретінде әр мемлекеттің ботаникалық бағымен байланысы бар. Олар біз туралы мәліметті ғаламтор желісі арқылы тауып алды. Артынша «Тұқымдардың биологиялық сан түрін сақтау» жөніндегі конвенцияға қол қою ұсынысын хат арқылы жазып жіберген.

 

Енді дүние жүзінде өте сирек кездесетін өсімдіктердің тұқымын Солтүстік Қазақстан оранжереясы жыл сайын алатын болды.

 

Айымгүл Әбілева