Мәдениет

Қуыршақ театры кезекті маусымын аяқтады

 

Театрдың кішкентай көрермендеріне жақсы таныс бұл спектакль сахна төрінде 2010 жылдан бері қойылып келеді. Тәрбиелік мәні мен мағынасы мол ертегі, кішкентай “Гав” есімді мысық жайында. Оны театрдың 4 актеры сомдап отыр.  “Гав” есімді мысықтың досы бар. Яғни, мына күшік. Ол өзінің атын ұмытып қалады. Сөйтіп қиналып жүрген шақта доп қуған балалар- оны Шарик деп шақырады. Осылайша күшік өз атын есіне түсіреді. Бұл ертегі осы сахнада талай сомдалса да, кішкентай көрермендер “Гав” есімді мысықты тамашалаудан жалыққан емес. Сондықтан да театр ұжымы 23-ші маусымды Григорий Остордың пьессасымен аяқтауды жөн санапты.

“Гав” есімді мысық жайындағы қойылым театрдың кішкентай көрермендерінің көңілінен шықты. Осы маусымда театр ұжымы 20-ға тарта қойылымды сахналаған. Ал 24-ші маусымының шымылдығы күзде ашылмақ.

 

Бану Ахметова