Құқық қорғау органдары

Полицейлер Ашық есік күнін өткізді

 

Азаматтардың заңды құқығын қорғау, қоғамдық тәртіпті күзету және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – тәртіп сақшыларының басты міндеті. Полицейлерге қойылатын бұл талаптарды СҚО ІІД  бастығы Мұрат Ұрымханов та ерекше атап өтті.

 

Мұрат Ұрымханов, СҚО ІІД бастығы:

-Шараның басты мақсаты – қоғам мен полицейлердің арасындағы байланысты жақсарту, тұрғындарды ІІБ атқарылып жатқан жұмыстармен таныстыру. Сондай-ақ тәртіп сақшыларының қатарына жастарды тартуды көздеп отырмыз.

 

Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығы қоғамдық тәртіпке тікелей қатысты. Бұл бағытта Есіл ауданының полицейлері өздеріне артылған міндетті мүлтіксіз орындады. Жиында Мұрат Ұрымханов Есіл аудандық ІІБ -не “Нива” автокөлігін табыс етті. Су жаңа техника тәртіп сақшыларының жұмысына серпін бермек. Ал аудан әкімі Ерік Нұрақаев учаскелік инспекторларға скутерлер сыйлады.

Ашық есік күніне келгендер түрлі техника, радиоқабылдағыш құралдар мен жауынгерлік сауыттарды тамашалай алды. Әсіресе, ІІД мұражайының жылжымалы көрмесі зор қызығушылық тудырды.

 

Жәлел Әубәкіров, ішкі істер органының ардагері:

-Қызмет басында жүрген полицейлер жұмыстарына адал болсын, жемқорлыққа жоламасын. Заңның сақталуын қадағалап, қылмыспен сапалы күрессін. Осылайша адалдықпен зейнетке шығуларын тілеймін.

 

Шара концерттік бағдарламаға ұласты

 

Айымгүл Әбілева