ТЖ

Қазақстан және Ресей өрт сөндірушілерінің бірлескен жаттығулары

 

Төтенше жағдай қызметкерлері іс-қимыл барысында өртке оранған орман мен жазық алқапты қызыл жалыннан құтқарды. Сондай-ақ, тәжірибелерін ұтымды пайдаланып, қас-қағым сәтте тұрғындарды қауіпті аймақтан шығарды. Осылайша, екі жақтың жеке құрамынан қатысқан 80-дей адам шеберліктерін көрсетті. Оқу-жаттығуға арнайы 22 құтқару техникасы жұмылдырылды. Толығырақ бейсенбі күнгі хабарымыздан көре аласыздар.