Қоғам

Зейнетақы жүйесін жаңғырту өңірде қызу талқылануда

 

Елімізде зейнетақы жүйесін жаңғырту қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан үкімет жаңа заң жобасын қабылдады. Алайда бұл мәселе жіті зерттелмей, кемшін тұстары көп болды. Елбасы өз үндеуінде нәзік жандылардың зейнетке шығу жасын ерлермен теңестіруді 2014 жылдан емес, 2018 жылдың қаңтарынан жүзеге асыру керек деді. Бұл кезең-кезеңмен жүргізілмек. Президенттің ұсынысы әлеуметтік сала қызметкерлерінің қолдауына ие болды. Жерлестеріміздің айтуынша, осы сынды үлкен маңызға ие заң жобасын құрастырғанда үлкен жауапкершілік танытқан дұрыс. Мәселені жан-жақты зерттеп, оның халыққа тигізетін әсерін саралаған абзал.

 

Жангелді Тәжин, СҚО әкімдігінің «Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп- интернат» КММ директоры:

-Асығыс қабылданған жоба болды. Көптеген тұстары қаралмаған. Насихаттау жұмыстары толыққанды жүргізілмеді.

 

 

Сондай-ақ ауыр жұмыста істеп жүрген әйелдер еңбегі мен көпбалалы аналардың жағдайы да көлеңкеде қалмауы тиіс.

 

Жангелді Тәжин, СҚО әкімдігінің «Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп- интернат» КММ директоры:

Ауыр және зиянды кәсіпорындарда жүрген әйел азаматтардың да еңбегі ескерілуі керек. Елбасының осы бастамасын қолдаймыз. Президент халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп отырғаны көрініп тұр.

 

Сонымен қатар жаңа заң жобасында зейнет демалысына  ерте кету мүмкіндігі да қарастырылған.