Денсаулық сақтау

Скринингтік тексерулер – денсаулық сақтау кепілі

10 жыл невропатолог есебінде тұрған Сара Мұсабаева басы ауырып, №1 емхана дәрігерінің қабылдауына келген. Аталмыш мекемеде скринингтік тексерістің жүріп жатқанын көріп, денсаулығын тексертіп алуды жөн санапты. Мұндай мүмкіндік бола бермейді дейді емделуші.

 

Сара Мұсабаева:

-Осы отырған медбибілерге ризамын. Өйткені бұл өз денсаулығымызға керек. Оны біз бағалай білсек, емделсек, бәрімізге де жаман болмайды.

 

Скрининг барысында жерлестеріміз жүрек ауруы, артериялық қысым, сүт безі, глаукома сынды дерттердің бар-жоғын тексере алады.

 

Раушан Жаукенова, №1 қалалық емхананың учаскелік медбибісі:

– Қазіргі уақытта ең бірінші әйел адамдар жүгінеді. Ер адамдарға айтқым келетіні келіңіздер, қорықпаңыздар. Өйткені, сіздерде артериялық қысым, жүрек аурулары, глаукома көп кездеседі.

 

Ауырмаудың жолын іздеген тұлғалар тұрғылықты жерлері бойынша ауруханаларда скринингтік тексеруден тегін өте алады. Ал, бүгін №1 емханадағы дәрігерлердің қабылдауында түске дейін 20 петропавлдық болды. Дені нәзікжандылар.

 

Сәуле Жүнісова, №1 қалалық емхананың терапевт-дәрігері:

-Қант диабетімен ауыратын 12 адамды анықтадық. 33 адамның біреуінен сүт асты безі табылды. Сондай-ақ, 34 әйелде ерте сатыдағы жатыр асты ісігі байқалды.

 

Алдағы уақытта өңіріміздегі созылмалы ауруларды анықтау үшін тағы бірнеше скринингтік тексеру жұмыстары қосылады. Келесі жылы бауыр, асқазан мен ас қорыту жүйелерінің аурулары тексерледі.