Құқық қорғау органдары

Сырттай бақылау көптеген қылмыстардың ашылуына септігін тигізуде

 

Петропавл қаласында жаяу патрульдерден басқа, тазалық пен тәртіптің сақталуына облыстық ІІД жедел басқару орталығының бейнекамералары септігін тигізуде. Яғни құрылғылар арқылы жол ережелерін бұзғандардан басқа ұсақ заңбұзушылықтар жасағандар да анықталады.

 

Ерлан Ақылбеков, СҚО ІІД Жедел басқару орталығының бастығы:

Петропавл қаласы бойынша 36 бейнебақылау камералары орнатылған. Солардың көмегімен жыл басынан бері 5000 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркелген. Олардың 3179- ы жолда жүру ережесін бұзуға қатысты болса , 1578-і қоғамдық орындарда алкогольдік және спирттік ішімдіктерді ішуге қатысты орын алған.

Жыл басынан облыстың полиция қызметкерлері ұсақ бұзақылыққа байланысты 851 әкімшілік хаттама толтырған.