ТКШ

Азаматтық тыңдалым

 

Петропавлдықтар үшін бүгінгі күні коммуналдық қызметтің тарифін құру өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан  да түрлі коммуналдық кәсіпорындар өкілдері тұтынушыларға төлемнің қандай қызметтерге жасалатындығын айқындап беру мақсатында азаматтық тыңдауға жиналған. Ал бас қосуды жалпыұлттық социал-демократиялық партияның мүшелері ұйымдастырды.

 

Владимир Андриевский, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия  СҚОФ төрағасы:

– Коммуналдық қызмет тарифінің бағасы әрдайым өсуде. Қазіргі күні жалақы мөлшері де мәз емес. Әрдайым өсіп жатқан тарифті кей тұрғындардың қалтасы көтермейді. Тұтынушы әр тиынның қайда кеткенін білуі керек. Біз бірігіп әрекет етсек, бұл сұрақтардың түйінін ағытуға болады.

 

Петропавлдықтарды сонымен қатар кәсіпорындардың инвестициялық бағдарламалары мен биылғы жылы құрылғыларды жаңғыртудағы жоспарлары да қызықтырды. Сондықтан да табиғи монополияларды реттеу агенттігінің өкілдері кездесуге жиналғандардың сұрақтарына мардымды жауап берді. Ал петропавлдықтар өздерінің алаңдатқан сауалдарына ұтымды жауап алып, кездесуден көңілдері толып тарасты.

 

Фаина Колесова:

Меніңше бас қосуға бекер келмеппіз.

Валентина Чеснокова,:

Біздің қаламыз күн санап гүлденіп келеді. Десек те проблемалар жоқ емес. Сондықтан да бүгінгі қоғамдық тыңдауға қатысқаныма қуаныштымын. Бар сұраққа жауап алдық.

 

Жалпы қоғамдық тыңдауға 70 петропавлдық қатысты.

 

Бану Ахметова