Балалар

Жастар Мағжанды еске алды

 

Қызылжардың талантты жастары ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың туған күнін өздерінше өнермен ұштастырып атап өтті. Қаламыздың шығармашылық ұжымдары би билесе, күміс көмей әншілер жиынды әнмен өрнектеді. Ал, Мағжанды пір тұтатын жас ақындар өздерінің жүрекжарды өлеңдерін оқыды.

Жастардың арасында ақын Аманжол Зағыпарұлы да бар. Дарын иесі дара тұлға Мағжанның жырларынан шабыт аламын дейді.

 

Аманжол Зағыпарұлы, ақын:

-Мағжан поэзиясы ешқашан да өлмейді. Мағжан поэзиясы арқылы бүгінгі жастарымызды бір шаңырақ астында ұйыстырып, желбіреген көк тудың астында рухты, дарынды, білімді, тәрбиелі, саналы, сабырлы, салиқалы ұрпақ қалыптастыру деп білемін. Осы ұйымдастырылып жатқан іс-шараларға өзімнің тамшыдай да болса үлесімді қосып жатырмын.

 

Ақынның аты, ғалымның хаты өлмейді. Ол ақиқат, себебі, Мағжанның артына қалдырған асыл қазынасын бүгінде еңкейген қариядан еңбектеген балаға дейін рухани азық етуде. Мағжан атамыз жастарға зор сенім артқан. Шынымен, еліміздің ертеңі осы кейінгі толқынның қолында. Болашағынан зор үміт күттіретін отансүйгіш өрендер оны өздерінің жалынды жыр жолдарымен танытты

 

Айымгүл Әбілева