Көлік және жолдар

Қаладағы жолдар жөнделуде

 

Бану Ахметова,тілші:

-Автомобиль жүргізушілеріне енді ыңғайлы болмақ. Өйткені, қаланың ең ұзын жолы саналатын Жамбыл көшесінің қиылысындағы Бөкетов көшесіне бұрылатын тұста қосымша жол айрықтары жасалуда. Енді бұл көлік кептелісін азайтпақ.

 

Бұрма жол салынбай тұрғанда мына арада түскі және кешкі уақытта көлік кептелісі жиі болатын. Енді қосымша жол айрықтарының салынуы бірқатар мәселенің басын қайырды. Жаңалықты көлік мінгендер қуанышпен қабылдады. Күн санап темір тұлпарлы болғысы келетін азаматтардың қатары артуда. Сондықтан жолды кеңейту уақыт талабы. Жол полициясының қызметкерлері жүргізушілерге бұрылыстан дұрыс өтудің ережесін түсіндірді.

 

Дмитрий Фионин, Петропавл қалалық жол полициясы бөлім  басшысының орынбасары:

– Жамбыл мен Бөкетов көшелерінің бұрылатын тұсына арнайы белгі қойылған. Сол арқылы темір тұлпардың иелері жаңа салынған жол айрықтарынан автокөлігін дұрыс бағыттай алады. Сонымен қатар оңға қарай бұрылатын көліктер бағдаршамның жанғанын күтпейді. Бағдаршам тек солға және тура жүретіндерге арналған.

 

Жаңа жол айрықтардың тиімділігін автомобиль жүргізушілері де айтып отыр. Жаңа жол айрықтарында жаяу жүргіншілердің белгілері де бар. Тұрғындар осы арқылы көшенің бір бетінен екіншісіне еш кедергісіз өте алады.

 

– Бұл қосымша жол айрықтарын не үшін істегенін түсінбедім. Егер, көлік иелеріне ыңғайлы болса, солай дұрыс шығар?!

– Ыңғайлы бірақ, қала сәнін бұзуда.

 

Бану Ахметова, тілші:

-Жыл санап қаладағы көлік саны артып келеді. Ал, қосымша жол айрықтары көлік кептелісін бір ізгілікке салмақ. Алдағы уақытта Мир мен Абай және Астана мен Абай көшелерінің қиылысында осындай қосымша жол айрықтарын жасау жоспарланып отыр.

Бану Ахметова