Қоғам

Зейнетақы жүйесін реформалау – жұртшылық назарында

Президентіміздің заң жобасын Парламентке қайтаруы – барлық нәзік жандыны қуантқаны сөзсіз. Елбасының Зейнетақы жүйесіне қатысты пікірін тыңдағандардың қатарында жерлесіміз Шарғия Мұқышева да бар. Азаматша 37 жылын білім саласына арнап, бұл бағытта біраз жемісті жұмыс атқарған. Үлгілі ұстаз зейнетақы жүйесінің жаңғыртылуы елдің болашағы үшін маңызды дейді.

Жаңа заңды қабылдамас бұрын, оны жан-жақты қарастырып, тиімділігімен қатар кемшін тұстарын да назардан тыс қалдырмаған жөн. Шарғия Мұқышева, әсіресе, нәзік жандылардың қай салада еңбектеніп жатқанын таразылау керектігін тілге тиек етті. Өңірімізде 13 жыл қатарынан “Әйелдерді қолдау орталығы” ҚБ жұмыс істеуде. Нәзік жандылардың бұл жерде әлеуметтік, психологиялық көмек пен заңгердің кеңесін алуға мүмкіндігі бар. Бастапқыда бұл орталыққа келетіндердің саны жоқтың қасы болған екен. Ал әйелдердің зейнетақы жасын ұлғайту мәселесі көтерілген кезде азаматшалардың белсенділігі артқан көрінеді.

 

Алина Орлова, «Әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ төрайымы:

-Алдымен 55 – 63 жас аралығындағы әйел адамдарға деген сұраныс қаншалықты жоғары екенін бағалаған дұрыс деп ойлаймыз. Еңбек нарығы осы жандарды жұмыспен қамти ала ма? Осыны да ескерген жөн. Меніңше, Бірыңғай зейнетақы қорының құрылуы дұрыс. Өйткені қаржы мемлекеттің бақылауында болса, дұрыс жұмсалады деп ойлаймын. Арнайы сайт құрылып, біз жинаған ақшаның қай бағытта жұмсалғаны сонда көрсетіліп отырса, нұр үстіне нұр болар еді.

 

Әзірге, зейнетақы реформасының әр тетігі зерттеліп, толықтырулар енгізілуде. Жаңа заң жобасы тағы бір мәрте Парламентте қаралмақ.

 

Айдана Демесінова