Спорт

Кикбоксшылар қоржынында – жеті медаль

 

Кеше ғана бұл жасөспірімдер Алматы қаласында өткен жарыстан оралды. Көпшілігі үшін бұл алғашқы маңызды сайыс болғанымен, ол жақтан спортшылардың алған әсерлері мол. Зяудин Албагачиев Ғ.Мүсірепов ауданының Неженка ауылынан келген. Оның осы спорт түріне ден қойғанына ұзақ уақыт болған жоқ. Бірақ аталмыш жарыста барлық шеберлігін көрсетіп, алғашқы орынан көріне білді.

 

Зяудин Албагачиев,  біріншілі жүлдегері:

– 3 жекпе-жек өткіздім, солардың барлығында жеңіске жеттім. Әрине мықты қарсыластар да кездесті. Бірақ намысқа тырыстым. Осы спорт түрімен айналысқан ұнайды. Шыдамдылыққа, жылдам болуға, төзімділікке үйретеді.

 

Данияр Жарасовтың қарсыластары мықты болған. Оның үстіне бұл оның алғашқы маңызды додасы. Ол 33 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. Осы жолы ол 2 орынды иемденген. Бірақ келекшекте тек биік сатылардан көрінуге дәмелі.

 

Данияр Жарасов, біріншілік жүлдегері:

-Мен 5 жекпе-жек өткіздім. 4-де жеңіске жетсем, Қызылорданың споршысымен шыққанда ұтылып қалдым. Қарсыласым мықты болды.

 

13-14 жас аралығындағы жасөспірімдердің басын қосқан кикбоксингтен ҚР Біріншілігіне өңірімізден 18 спортшы аттанған. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 270 спортшының арасынан жасөспірімдеріміз 7 медальды қанжығаларына байлады.

 

Арман Жәмішев, жаттықтырушы-ұстаз:

-Балалардың дайындық деңгейі жақсы болды. Петропавл қаласында жаттығу жиындары өтті. Кейін Алматы қаласына аттанды. Нәтиже жаман емес 3- алтын, 2- күміс, 2- қола медаль иемдендік.

Жалпыкомандалық есепте өңір спортшылары 4 орынды иемденген.