Құқық қорғау органдары

Тұрмыстық қалдықтар полигонында заңсыз өнімдер жойылды

 

Бүгін мына техниканың көмегімен 20 ойын автоматының көзі жойылды. Оларды қаржы полицейлері арнайы операция барысында тәркілеген.

 

Шолпанай Қасенова, СҚО сот актілерін орындау департаментінің аға сот орындаушысы:

– Қазіргі таңда ойын бизнесіне қатаң тиым салынған. Бірақ, бұны елемей жатқандар да бар. Бұл фактілер қаржы полицейлерінің көмегімен анықталған. Мұндай рейдтерді алдағы уақытта да жүргізбекпіз.

 

Трактордың шынжыр табанына түскен ойын автоматтарының тас-талқаны шықты. Бұл жерде заңсыз саудаға түскен 9 қорап  DVD- дискілер және 230  бөтелке спирттік ішімдік те жойылды. Соңғысын тәртіп сақшылары Жамбыл ауданының тұрғындарынан тәркілеген. Өйткені тауар тұтынушыларға рұқсатсыз сатылып келген. Кінәлі азаматтар тауарларынан ғана айырылып қоймай, айыппұл да төлемек.  Жалпы бұл ағымдағы жылы   заңсыз өнімдерді жоюдың жетінші фактісі. Болашақта аталған бағыттағы жұмыстар жалғаса бермек.

 

Айымгүл Әбілева