Құқық қорғау органдары

Жас жол инспекторлары арасындағы жарыс

Жарыс сындары – саптық байқау, жолда жүру ережелері, алғашқы медициналық көмек көрсету, көшедегі озғалысты реттеу және тағы да басқалары. Балалар өздерінің кішкентайлығына қарамастан жол ережелерінің сақталуын  күзетуге дайын. Тек автокөліктердің орнына велосипед берілген. Бірақ талаптар өзгеріссіз қалады. Өйткені, көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің барлығы тәртіпті сақтауы қажет.

Байқауда балалар жолда жүру ережелерін ересектерден кем білмейтін болып шықты. Сайыста бірінші орынды Мамлют ауданының командасы жеңіп алды. Олар жақсы дайындықтың арқасында осындай нәтижеге қол жеткізіп отырмыз дейді.

Ксения Синицина, жарысқа қатысушы, Мамлют ауданы:

– Біздің құрама бірінші орын алғанына қуаныштымын. Осындай жарыстарға алдағы уақытта да қатысамыз.

Екінші орынды Тайынша ауданының жас инспекторлары иеленсе, үздік үштікті қызылжарлықтар тұйықтады.

Бану Ахметова