ТЖ

Солтүстік Қазақстанда суға түсу маусымы ашылды

 

 

 

Өткен жылы облыс бойынша 58 адам суға кеткен. Су жұтқандардың көп бөлігін ішімдік ішіп қауіпті аудандарда шомылғандар құрайды. Сондай-ақ жүзу құрылғыларының сай еместігі де қайғылы оқиғалардың орын алуына септесуі мүмкін дейді мамандар. Кезекті шомылу маусымы жаздың алғашқы күнінен ашылды. Сондықтан өңір құтқарушылары алдын алу шараларына мықтап кірісті. Ауа райының қолайсыздығынан суға түсемін деушілер әзірге көрінбейді. Күн райынан қайтысымен ыстығын салқын сумен басқысы келетіндер қатары қалыңдайтыны анық. Сол уақытта әдеттегідей су көздерін жағалаушылар қауіпсіздік ережелерін елемей арнайы белгіленбеген жерлерде малтуға көптеп шоғырланады.

 

Сергей Черкасов, СҚО ТЖД суда құтқару станциясының бастығы:

–Шомылу маусымы аяқталғанша күнара кезекшілік құрып, жағажайды бақылаймыз. Әсіресе қауіпті аудандарға аса ден қойылады. Күн суығанның өзінде қызмет атқарамыз. Өзен бойындағы қауіпсіздікті 4 құтқарушы қадағалайды. Арнайы жабдықтарымыз бар.  

 

Биыл ғана 4 адам судың құрбаны болыпты. Оның үшеуі тіркелмеген қайықпен су бетіне шыққан.

 

Жеңіс Ермұқанов