Мәдениет

“Кітапханадағы түн”

 

 

 

Адам қиялын ұштайтын бірақ құнды зат бар. Ол кітап. Оны оқыған әрбір бала таңғажайыптар әлеміне сапар шегеді. Міне, осы балғын балалық шақтың дәмін қызықты ету үшін Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұжымы «Мұражайдағы түн» фильмінің желісіне ұқсас «Кітапханадағы түн» акциясын өткізді.

 

Майра Мұкушева,Ғ.Мүсірепов ат. облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының бөлім жетекшісі:

–Бұл іс-шараның мақсаты кітапқұмар оқушылардың санын еселеу. Мұнда балалар әр түрлі ертегі кейіпкерлерімен кездеседі. Әр түрлі бөлмелерде болады. Мысалы, сыған әйеліне бал ашатын болса, тату салонында денелерне әдемі өрнектер салғызады. Қорқытатын бөлмеде болып, біраз іс-шаралардың куәсі бола алады.

 

Аталмыш шара 6 бөлімнен тұрады. Балалар бөлмелерде адасып кетпеуі үшін жол сілтейтін арнайы саяхатшылар тағы бар. Сонымен қатар, кітапхананың кішкентай оқырмандары туристер көп баратын Жапонияның аспанмен таласқан сәнді, зәулім ғимараттарын тамашалап, Түркияның Ыстамбұл қаласына сапар шекті.Жалпы іс-шара юмор, тарих, поэзия, музыка, фантазия сынды тақырыптарды қамтыған.

 

Зарина Ғаниева:

Маған осында тату салоны ұнады. Мен осындай тату салдым. Мұнда қорқыныш үйі бар. Осы кітапханада М.Әуезов атамыздың кітаптарын оқимын. Ол маған өте ұнайды. Мен осы кеште Рапунцельмін. Ол кейіпкер өте сүйкімді.  

 

Берік Қасен