Қоғам

“Таза жағалау” акциясы

 

 

 

 

Қала тұрғындарының көбі қолдары қалт еткенде табиғат аясына шығып демалып, серуендеп қайтқанды жөн көреді. Алайда өздерінің соңынан бөтелке, тамақтан қалған қағаздарды жинап жүру керектігін бәрі ескере бермейді. Адамдардың ойланбай жасаған әрекеттері айналаның жаппай ластануына әкеп соғады. Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні ұйымдастырылған сенбілікке Есіл өзенінің жағалауын тазалауға табиғат сақшылары мен экологтар бір адамдай шықты. Осындай игі шара арқылы олар жұртты табиғатты таза ұстауға шақырмақпыз дейді.

Қоршаған ортаға құрметпен қарау – әр адамның парызы. Осындай қағиданы ұстанғандардың бірі – Әлібек Бекмұхаметов. Оның айтуына қарағанда, осындай тазалық акцияларына әр адам қатысып атсалысса, табиғат аясы осыншалық аянышты күйге түспес еді. Қоршаған ортаны таза ұстауға шақыратын аталмыш акцияны ұйымдастырушылар оны жыл сайын өткізіп тұруды игі дәстүрге айналдырамыз дейді.

 

Әспет Әбдірешова