Қоғам

Алиментін төлемегендер шетелге шыға алмайды

 

 

 

Игорь Баранов өз баласының өміріне салғырт қарайтын әкелердің бірі. Сот орындаушылары қаққан пәтердің есігі бұл жолы да ашылған жоқ. Алимент қарызы 257 мың теңгеге жетіпті. Әйелімен ажырасқалы кішкентайының алдындағы міндетін орындаудан бұлтарып жүрген Асқарбек Әбженов та тіркелген мекенжайдан табылмады. Отбасының шырқы бұзылғалы туған баласына тиесілі 600 мың теңге өтелмепті. Заң бойынша Александр Самойловтың да жалақысның 4/1 ұлына аударылуы керек. Ол да үйінде жоқ. Есікті ашқан анасының айтуына қарағанда Александрдың қаржылық демеу жасау қарекеті қалмаған көрінеді. Бүгінде ол шешесінің зейнетақысына қарап отырған жұмыссыздардың қатарында.

 

– Мен оны өзім таба алмай жүрмін, үйге келмейді. Кім білсін қайда жүргенін. Бір тиын тапқан жоқ. Немереме ақшаны өзімнің зейнетақымнан аударамын. Барлық түбертектер қолымда. Қарызымыз жоқ.

 

Баласының жауапсыздығын өз мойнына алған кейуана немересіне жөнелткен анықтама құжатын сот орындаушыларына тапсыру керектігін білмепті. Жалпы облыс орталығында алимент төлеу бойынша 2926 құжат толтырылған болса, 60-сы борышын өтеуден мүлдем бас тартқандарға қатысты. Бүгінде олардың жалпы қарызы 104 млн теңгеден асып кетіпті.

 

Қарлығаш Абаева, СҚО сот актілерін орындау бойынша департаментінің аға сот орындаушысы:

– 2013 жылдың басынан ғана алимент төлеуден жалтарып жүргендерге қатысты 410 арыз түсті. 1000-ға тарта азаматтың қарызы бірден жалақыдан аударылады. Тұрақты еңбекпен қамтылмағандардың дүние- мүлкіне тыйым салынады. Кейін олар саудаға шығарылып қарыз өндіріледі. Биыл ғана заңды елемейтін 328 ата-ананың ел аумағынан шығуына шектеу қойылды.

 

Егер де бұл заңға мүлдем көмбейтіндер табылса, қылмыстық жаупкершілікке тарту жазасы қарастырылған.

 

Жеңіс Ермұқанов