Мәдениет

Өңірде “Атбасар мәдениеті” деген атаумен жаңа ғылыми еңбек жарық көрді

 

 

Жергілікті археологтардың өңір тарихын айлап емес, жылдап зерттейтіні белгілі. Олар қазба жұмыстарын жүргізуге жиі шығып тұрады. Осы уақытқа дейін 500 мыңға жуық жәдігер жиналып қалған екен. Оның көбі тек есеп құжаттарында ғана аталады. “Атбасар мәдениеті” деген атаумен жазылған кітап – облыс ғалымдарының ұзақ, әрі тынымсыз жұмыстары сарапталған қорытынды жинақ іспетті.

 

Анатолий Плешаков, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ  оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты:

-Мұражайлар мен зертханаларда жатқан материалды жарыққа шығару керек. Сонда ол қоғамның ғылыммен танысуына қолжетімді, қолайлы болады.

 

Бұл – әзірге Қазақстан археологиясына арналған кітаптар топтамасының алғашқы томы. Мұнда неолит кезеңі, біздің дәуірімізге дейінгі 7-4 мыңжылдықтар баяндалады.

 

Анатолий Плешаков, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ  оқытушысы,  тарих ғылымдарының кандидаты:

-Мұнда Атбасардан бастап Есіл бойы, Бескөл, Явленка және Шағлыдан табылған көптеген жәдігерлер туралы материалдар топтастырылған. Қазылып, зерттелген ескерткіштер сипатталады.

 

Бұл жерде ізденімпаз жастардың еңбегін де атап өту қажет. Оқушылар мен студенттердің тарихты білуге деген қызығушылықтары көңіл қуантады дейді тарихшылар.

 

Данаш Хамзина