Әр түрлі

Маусымдағы ауа райы

 

 

Айдың туу, тоғысу, аралық шағын байқап, бағамдап отыратын қазақ халқының жұлдызшылары ауа райын дәл болжаған. Маусым айының алғашқы күндерінде үркер мүлдем көрінбей кетеді де, 40 күн шілде басталады. Сондықтан да «үркер жерге түспей, жер қызбайды» деп халқымыз бекер айтпаса керек. Ал синоптиктердің маусым айына қатысты болжамдарына қарағанда, ауаның орташа айлық температурасы 17-19 градус шамасында нөлден жоғары болады.

Гүлзат Ғазизова, СҚ гидрометеорология орталығының бөлім бастығы:

-Айдың бірінші онкүндігінде, екінші жартысында ауа райы температурасы төмендеуі мүмкін. Түнде 8-13 градус, кей жерлерде 5 градусқа дейін жылы. Күндіз сынап бағанасы 15-20, кей жерлерде 25 градус нөлден жоғары.

Айдың екінші онкүндігінде ауа райы құбылмалы болып, сынап бағанасы түнде 13-18, кей жерлерде 8 градус жылылықты көрсетеді, ал күндізгі уақытта 22-27, кей жерлерде +32 градусқа дейін көтеріледі.

Гүлзат Ғазизова, СҚ гидрометеорология орталығынң бөлім бастығы:

– Маусым айының үшінші онкүндігінде сынап бағанасы бірте-бірте көтеріледі. Сынап бағанасы +28-33 градусқа дейін жетеді. Кей жерлерде 27 градус нөлден жоғары. Айлық жауын-шашын мөлшері қалыпты жағдайда.

Ауа райын болжау орталығы мамандарының айтуына қарағанда маусым жаңбырлы болмақ. Күн күркіреп, солтүстік-шығыстан соғатын жел кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Тарих беттеріне үңілетін болсақ, бұл айдағы ең ыстық күн  1971 жылы 5 маусымда тіркелген. Бұл күні сынап бағанасы + 31 градусты көрсеткен, ал 1963 жылдың 24 маусымында  -1 градусқа дейін төмендепті.

Әсел Күшенғалиева