Көлік және жолдар

Өңір басшысы жол жөндеу барысымен танысты

 

Есіл ауданына қарасты Покровка-Корнеевка-Горное бағытындағы мына аумақты тас жол деп айтуға ауыз бармайтын. Жүргізушілердің бас ауруына айналған трассаны қалпына келтіру жұмыстары мамырдың 25-і басталып кетті. Мердігер «Петропавл Жолдары» ЖШС атқарған шаруасымен облыс әкімі Самат Ескендіров танысты.

 

Не бітірдіңіздер? Қанша уақытта жұмысты аяқтайсыздар?

– Биыл 3 шақырым, қазан айына дейін толық асфальт төсеп, жол жиегіне белглер орнатамыз.

 

Кейін агроқұрылым өкілдерімен жүздескен өңір басшысы биыл облыс жолдарын жөнге келтіруге 5 млрд. теңгеден артық қаржы құйылғанын жеткізді. Оның 617 млн теңгесі Айыртау ауданы арқылы өтетін ескі жолдарды жаңартуға жұмсалады. Самат Ескендіров кешенді шараға білек сыбана кірісу керектігін тілге тиек етті.

 

Самат Ескендіров, СҚО әкімі:

-Біз ауқымды бағдарламаны қолға алып отырмыз. Бұл жұмысты ауылдық округтерде де жұмыла атқарған жөн. Әсіресе елді мекендерді байланыстыратын жолдарда жүру мүмкін емес. Бұл көлік қатынауын біршама жақсартады.

 

Жұмыс сапарының барысында облыс әкімі Ғ.Мүсірепов ауданындағы жолдардың жағдайын көрді. Новошишимка селосының маңындағы әбден тозған бөлікті «Дорстрой» құрылыс серіктестігі қалпына келтіруде. Жалпы аудандағы жолдарды жаңғыртуға 317 млн теңге бағыталыпты.

 

Жеңіс Ермұқанов