Ауыл шаруашылығы

Егіс науқанының барысы

Ырыс дәнін сіңіруде аудандар арасында айыртаулық диқандар алда келеді. Олар жұмыстың 88, 6 пайызын тындырған. Бұдан кейін шамалы ғана айырмашылықпен Уәлиханов ауданы тұр. Егіншілер бидайдың  86, 1 пайызын септі. Шал ақын ауданының еңбекқор азаматтары бидай себуді 84 пайызға орындапты. Облыста майлы дақылдарды егу аяқталды. Жоспар артығымен іске асқан. Қазір майлы дақылдар  396,6 мың гектар жерді алып жатыр. Картоп та бір-екі күннің ішінде отырғызылып болады. 531,6 мың тонна тұқым дәріленіп, 17,5 мың тоннасы тыңайтылған. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының мәлімдеуінше, қатардан шығып, сынып қалған техника жоқ. Бәрі де жұмысқа қызу араласқан.

 

Данаш Хамзина