Құқық қорғау органдары

Банк қызметкері әйелін пышақтап, өзі асылып қалған

 

 

Петропавлдағы банктердің бірінің қызметкері түскі үзілістен кейін жұмысында төбе көрсетпеген. Кабинетті ашқан әріптестері оның бірнеше пышақ жарақатынан өліп жатқан 26 жастағы әйелінің мәйітінің үстінен түседі. Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы қайғылы оқиғаның мән-жайын ашып берді. Түскі үзілістің алдында   әйел күйеуінің жұмысына кеңсеге келген. Ерлі зайыптылар арасында жанжал туып, банк менеджері әйелдің денесіне бірнеше жерден пышақ салып, өлтіріп, оқиға орнынан ізін жасырған.

 

Сергей Коняхин, Петропавл қалалық ІІБ тергеу бөлімінің басшысы:

Мүрдесі табылған әйелдің 1987 жылы туылғандығы анықталды. Жапа шегушіге мойын және кеуде тұсына пышақ сұғылған. ҚР Қылмыстық кодексінің 96-шы бабының 1-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Келесі күні іздестіру барысында полицейлер сезіктінің денесін орманнан табады. Банк қызметкері асылып өліпті. Күдікті соңғы сапарға аттанар алдында хат жазып кеткен көрінеді.

 

Мадина Балғашоқова, СҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Бұл факті бойынша тергеу-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Бірталай сараптамалар жасалмақ. Процессуалдық шешім барлық тараптар тыңдалып, істің мән жайы әбден белгілі болғаннан кейін шығады.

 

Әспет Әбдірешова