Спорт

Банк қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс аяқталды

 

 

ҚР Ұлттық банк кубогын 18 құрамадан іріктелген 4 команда сарапқа салды.

 

Жомарт Қажырақымов,  “ҚР Ұлттық банкі” ММ СҚОФ директоры:

-Финалға шыққан 4 команда жақсы ойнап жатыр. 1996 жылдан бері жалғасып келе жатыр. Сыйлықтарды банктер әр түрлі спорт мектептеріне жанашырлықпен беріп жатыр. 200-ден артық жалпы сомасы 7 миллионға тарта балалар мекемелеріне сыйлық ретінде берілген.

 

Алаңға алғашқы болып «Шығыс» және «Батыс» құрамалары шықты. Қос қарсыластың қызу тартысы 2:1 есебімен «Батыстың» пайдасына шешілді. Жеңімпаз команданың белді мүшесі Әлия Таңатова турнирдің ең үздік ойыншысы атанды.

 

Әлия Таңатова, “Халық банкі” филиалының қызметкері:

-Соңғы кездесуде жеңіс голын соқтым. Жалпы турнир бойынша 5 рет қарсылас қақпасынан саңлау таптым. Футбол командалық ойын. Сондықтан бұл құрамамыздың ортақ жеңісі.

 

Ал ерлер арасында «Казкомерцбанктің» жігіттері топ жарды. Екінші орын «Халық банкінің» аяқдопшыларына бұйырды. Үздік үштікті «Альянс банкінің» құрамасы тұйықтады.

Марапаттау рәсімінде “Қазақстан Ұлттық банкі” филиалы сыйлықтың бәрін параолимпиада ойындарына қатысатын спотшыларға табыстады.

 

Сергей Усольцев,  Параолимпиада ойындарының қатысушысы, ҚР спорт шебері:

 

– Бүгінгі таңда облысымызда мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен шұғылдануына көп жағдай жасалуда. Олар үшін арнайы клуб жұмыс істеп тұр. Онда жас ерекшелігіне еш шектеу жоқ. Елбасы тапсырмасы бойынша біз тұрғындардың 30% ын бұқаралық спортқа тартуымыз керек.

 

Енді қаржыгерлер өздерін Алматы қаласында жазғы спартакиадада сынап көреді.