Балалар

Балалардың жазғы демалысына әзірлік

 

Жазғы демалыс кезінде оқушылардың уақытын тиімді өткізуі үшін биыл өңірде 19 сауықтыру лагері, 22 аулалық клуб пен 585 мектеп алаңы жұмыс істейді. Қазір барлығында да дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

 

Татьяна Горлова, МСЭҚК СҚО бойынша департаменті директорының орынбасары:

– Балалардың сауықтыру лагерьлерінде санитарлық жағдайдың сақталуына баса мән беру керек. Өйткені, бұған дейін бояулардың исінен балалардың улану жағдайлары орын алған болатын. Бұл жайт қайталанбауы қажет және оқушылардың толығымен таза ауыз сумен қамтылуына ерекше көңіл бөлу керек.

 

Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары сауықтыру лагерьлеріне тегін жіберіледі. Мұндай оқушы саны облыста 10 мыңның маңайында Жиында, сонымен қатар, тәртіптің сақталыуы да сөз болды.

 

Қайрат Тәженов, СҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасы бастығының орынбасары:

– Балалардың арасындағы тәртіпті жіті қадағалайтын боламыз және жеткіншектермен құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жүргіземіз.

 

Балаларды сауықтыру лагерьлері маусымның 10-нан бастап жұмыс істемек.

 

Гүлбану Ахметова