ТКШ

Жылу құны 9 пайызға көтерілді

 

 

Әуелде энергетиктер қызмет құнын 51 пайызға көтеруге өтініш беріпті. Акционерлік қоғам тарифті ұлғайтуға мұқтаждықтан бардық дейді. Сараптамалық кеңес мүшелері ұсынысты зерттеп, сұрауларын толықтай қағаттандыру негізсіз деп тапқан. Бар шығынның тең жартысы жылу өндіруге жұмсалатын шикізатттың үлесінде. Оны жеткізудегі жол машақаты да артып отыр. Бұл жағы ескерілді.

 

Марат Мұстафин ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаментінің директоры:

– Негізгі себебі жыл сайын көмірдің бағасы 10% қымбаттайды. Қазақстан темір жолы және Оңтүстік Орал теміржолының бағасы  25% өсті. Жалақыны екі есеге көтеруді сұраған, ол 8% ғана өсті.

 

Инвестициялық бағдарлама аясында қарастырылған 650 млн. теңге де жаңартылған тарифке кірістірілген. Енді тұтынушылар пайдаланған жылудың әр шаршы метріне бұрынғыдай 81,27 теңге емес, 88,50 теңге төлейді. Нақты бекітілген өсім 9 пайызды құрайды.

 

Анатолий Мишин, Петропавл қалалық мәслихатының депутаты:

– Өткен жылдың 1 қазанында жылу есептегіш құралын орнаттым. Шаршы метріне 53 теңгеден келді. 1 жылда 12 мың теңге үнемделді. Заманауи қондырғылардың көмегімен үнемдеуге болады. Өсімді осылайша реттеуге болады.

 

Өзгертілген тариф үстіміздегі жылдың 1 қазанынан қолданысқа енеді.

 

Жеңіс Ермұқанов