Құқық қорғау органдары

Жыл басынан жүргізушілер тарапынан жол полицейлеріне қатысты 64 шағым түскен

 

 

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» республикалық акциясы  аясында «Южный» жол бекетінде көлік жүргізушілеріне полиция қызметкерлері мен «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

Владимир Витченко, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– Жылдың бірінші тоқсанындағы мәліметтерге сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қатысты 32 іс қаралған. Оның сегізі пара алу мен пара беруге қатысты. Бүгін жол полициясымен бірлесіп, осындай заңбұзушылықтардың алдын алу үшін жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

 

Кейде жол ережесін бұзған азаматтарға қатысты хаттамалар дұрыс толтырылмайтын жағдайлар да кездеседі. Жыл басынан жүргізушілер тарапынан полицейлерге қатысты осындай 64 шағым түскен. Оның бесеуі сотта расталыпты. Қателікке бой алдырған тәртіп сақшылары жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, мамырдың 22-нен өңірде «Қауіпсіз жол» акциясы жүріп жатыр.

 

Әбілсейіт Жолаушин, СҚО ІІД ЖПБ аға инспекторы:

– Бір күннің ішінде инспекторлар әкімшілік жол ережесін бұзған 252 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 20-сы мас күйінде ұсталып, 80-і жүргізуші жылдамдықты арттырған.

 

Аталған шара мамырдың 25-не дейін жалғасады.

 

Әспет Әбдірешова