Мәдениет

Солтүстікқазақстандық бишілер республикалық байқаудан жеңіспен оралды

 

«Александра» спорттық би мектебінің оқушылары бәсекелестерін латын-америкалық биден мықты екендерін мойындата білді. Атырау қаласында өткен ел чемпионатында Қазақстан мен Ресейдің түкпір-түкпірінен үздік деген бишілер жиналыпты. Сайысқа қатысушылар 3 номинация бойынша 5 биден көрсеткен. Жерлдестеріміз бұл сында екі алтын және бір күміс алқаға ие болды.

 

Юрий Мирошниченко, СҚО спорттық би федерациясының вице-президенті:

– Мамыр айының 10 мен 12-сі аралығында Атырау қаласында спорттық биден Қазақстан Республикасының ашық біріншілігі және чемпионаты өтті. Біздің облысымыздың атынан 2 жұп қатысты. Олар өз дәрежелері бойынша бірінші орындарды иеленіп, үздік деп танылды.

 

Сонымен қатар, «Александра» би мектебінің тәрбиеленушілері Қарағанды қаласында спорттық биден өткен «Сарыарқа -2013» атты облыстық ашық турнирге қатысып, нәтижесінде барлық санаттар бойынша жүлделі орындар иеленді. Қазылар алқасы Яна Савинкова мен Ескендір Дүйсебаевтың би орындау шеберлігін өте жоғары деп бағалаған.

 

Ескендір Дүйсебаев, «Александра» спорттық би мектебінің оқушысы:

-Біз сайыстың талабы бойынша төрт би көрсеттік. Еуропалық және латын-америкалық билер орындауда үздік деп танылдық .

 

Қатысушылардың айтуынша бұл – олардың бастапқы жеңістерінің бірі. Алдағы уақытта бұдан да биік белеске жететіндеріне сенімді.

 

Айымгүл Әбілева