Салық басқармасы

Салық уақтылы төленуі керек

 

Облыс орталығындағы жеке және заңды тұлғалардың  мемлекеттік қазынаға міндетті салық төлемдерін аударып болуына екі-ақ күн қалды. Меншік құқығындағы мүлік өтемдері, қосымша құн, зейнетақы, әлеуметтік жарналарының есебі мамырдың 25-не дейін қабылданады.

 

Жібек Клюкова, Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы:

– Әлеуметтік салық, төлемдер, міндетті жәрдемақы жарналары, жеке кіріс салығы, 210-шы есебінде көрсетілген. Әлеуметтік салық, төлемдер міндетті кіріс, табыс салығы, 300 формасында көрсетілген. Қосымша құн салығы 70101 формасында көрсетілген. Жер салығы қоршаған ортаға эмиссия төлемдері 710 формада көрсетілген.

 

Егер де салық декларациясы электронды түрде тапсырылса уақытты шегеруге болады. Бірақ, төлемді мерзімінен кешіктіруге заң бойынша тыйым салынады.

 

Жібек Клюкова, Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы:

– Салық төлемдері уақытында өтелмесе, толық төленбеген жағдайда мәжбүрлі төлету және әкімшілік жазалау шаралары қолданылады.

Айыппұлмен қатар, кешіктірілген әр күнге өсімпұл қосылады.

Жеңіс Ермұқанов