Құқық қорғау органдары

Отбасындағы жанжалдар

 

Петропавл қаласының тұрғыны учаскелік инспекторға бірнеше мәрте күйеу баласының үстінен шағым түсіріпті. Талай рет сот отырыстарында іс мазаны қашырған туысқанымен ымыраға келумен доғарылған екен. Бұл жолы шектен шыққан ер адам 10 тәулікке темір тордың ар жағына тоғытылды. Жыл басынан отбасының шырқын бұзғандарға қатысты 684 хаттама толтырылыпты. Көбіне отағасылар жанұялық мәселені нәзік жандыларға жұдырық ала жүгіріп, білектің күшімен шешуге тырысады. Осы орайда өңірде жанұялық жанжалдардың алдын алуға бағытталған “Әйел – отбасының қазығы, мемлекеттің тірегі” атты акция өткізілді.

 

Қайсар Қанафин, СҚО ІІД ӘПБ аға инспекторы:

– Акцияның мақсаты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу.

 

10 күнге жалғасқан іс-шара аясында тәртіп сақшылары әл-ауқаты төмен 784 отбасын аралап үлгерген. Жақындарының тиышын қашырған 160 адам жауапкершілікке тартылды.

 

Жеңіс Ермұқанов