Қоғам

Экстремизм мен ланкестіктің алдын алу

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі Жолдас қажы Қоспақұлы жазасын өтеп жатқан азаматтарға теріс пиғылдағы ағымдардың залалы туралы әңгімелеп, өмір құндылықтары жайлы баяндады. Имамның айтуынша, тура жолдан тайғандарға дұрыс бағыт-бағдар көрсету қажет. Өйткені, олардың арасында қателігін түсініп, түзелуге тырысатындары да бар. 27 жастағы Асхат Тұрқұмбаев та осында. Ол кезінде кері діни ағымға ілігіп, енді, 7 жылдық жазасын өтеп жатыр. Асхат шалыс басқанымды түсіндім дейді. Ол кейін бостандыққа шыққанда қайырымдылықпен айналысқылы келетінін айтты. Аталаған шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерінің бастамасымен ұйымдастырылды.

 

Гүлбану Ахметова