Мәдениет

Бүгін Петропавлда Валерий Леонтьев өнер көрсетеді

Петропавлда бүгін Ресейдің халық әртісі Валерий Леонтьев жеке концерт береді. Бұған дейін ол Қарағандыда өнер көрсеткен. Теріскейден кейінгі кезек Қорған қаласында. Жалынды әндерімен көптің жүрегін жаулаған танымал әншіні теміржол вокзалында “ИНКАР” продюсерлік орталығының өкілдері, журналистер мен оның өнеріне ынтық жандар қарсы алды. Ресейдегі Новосібір қаласының тұрғыны Наталья Алексейцева да осында. Ол Валерий Леонтьевтің шығармашылығымен 30 жыл бойы әуестенеді. Әртістің концерті өтетін қалаларды аралап жүргеніне 10 жылдан асқан.

 

Наталья Алексейцева:

Соңғы үш концерті Санкт-Петерборда ұйымдастырылды. Валерий Леонтьев – менің сүйікті әншім. Оның әндері көңіл күйді көтереді, жігерлендіреді. Сахнада ширақ қимылдап, билерімен жандандырады.

 

Валерий Леонтьев концерт барысында халықпен жылы әңгімелессе де, журналистерге сұхбат бере қоймайды. Ол бүгін де көп сөйлеген жоқ. Дегенмен, солтүстікқазақстандықтарды өзінің шығармашылық кешіне шақырды.

 

Валерий Леонтьев, Ресейдің халық әртісі:

Мен Петропавлға бірнеше рет келгенмін. Бұл жердегі қауым менің әндерімді сүйіп тыңдайтыны қуантады. Кездесудің тағы бір сәті түскеніне ризамын.

Валерий Леонтьевтің концерті мамырдың 22-сі, яғни сәрсенбі күні сағат 19.00- де “Метро” мәдени-ойын-сауық орталығында өтеді. Шығармашылық топ 19 адамнан құралған. Барлығы 21 ән айтылады деп жоспарлануда. Арасында жаңа туындылар да бар.

 

Данаш Хамзина