Құқық қорғау органдары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы

Жалпы, отырыс барысында 3 мәселе қаралды – салық органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, сыбайлас жемқорлықпен күрестің ең тиімді стратегиялары және аталған қылмыс түрі бойынша жазалау, жолын кесу мен алдын алу жүйесін жетілдіру. Мәселен, өткен жылы салық органдарында ел аумағында жемқорлыққа байланысты 90 оқиға тіркелген. Жиында салық саласындағы “көз қысты, бармақ бастылықтың” жиі кездесуі кәсіпкерліктің дамуымен байланысты делінді. Яғни, көп жағдайда екі арада бірнеше мыңнан бастап миллиондап жүретін пара алушылық кездеседі. Сол себепті, бұл құқық бұзушылықты тыю мақсатында қол астындағы қызметкердің қылмысы үшін бастығын да жұмысынан шығару әдісінің тиімді екені сөз болды.

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысты 30 қылмыс анықталыпты.

Данаш Хамзина