Бизнес және экономика

“Парыз – 2013” байқауына өтініш қабылдануда

 

«Парыз» байқауы елімізде 2008 жылдан бері өткізіледі. Жоба Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған.

 

Азамат Сағындықов, қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы секторының бас маманы:

-Байқаудың мақсаты – жеке кәсіпкерлік нысандарын әлеуметтік мәселелерді шешуге әрі осы саладағы тәжірибе алмасуға ынталандыру. СҚО кәсіпорындары аталған байқау ұйымдастырылғалы қатысып келеді.

 

“Парыз” байқауына қатысу үшін шағын, орта және ірі бизнес өкілдері өздерінде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік бағдарламаларын ұсынулары қажет. Сайыс лауреттары 3 аталым бойынша анықталады. Атап айтсақ, олар: “Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын”, “Жылдың үздік әлеуметтік жобасы” және “Үздік ұжымдық келісім-шарт”. Өтінімдер бизнес-құрылымдардан тамыз айының соңына дейін қабылданады.

 

Азамат Сағындыков, қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі секторының бас маманы:

-Құрметті кәсіпкерлер. Сіздерді жыл сайынғы “Парыз” байқауына қатысуға шақырамыз. Құжаттарды тапсыру үшін қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келуге болады.

 

Өткен жылы беделді байқауға облыстан 10 кәсіпорын атсалысып, 3-уі лауреат атанды. Биыл, әзірге, 3-уі қатысуға ниет танытқан. “Парыз-2013” республикалық жобасының нәтижесі ағымдағы жылдың аяғында белгілі болады.

 

Данаш Хамзина