ТЖ

От пен су құрбандары

Тұтанудың негізгі себебі  адамдардың салғырттығында болып отыр. Аққайың ауданындағы Астраханка селосының мас тұрғыны осындай бір оқиға кезінде таңғаларлық жағдаймен аман қалды. Ол темекіні ұстаған күйі қалғып кетіп, есін ауруханада бір-ақ жияды. Зардап шеккен азамат иіс тиіп уланған. Өрт сөндірушілер үйдің шатырын жалмап үлгерген тілсіз жаумен 4 сағат бойы алысыпты.

Ал, аталған аудандағы Добровольское селосында 7 тонна шөп күйіп кетті. Кейін белгілі болғандай, көрші бақшада жағылған қоқыстан жалын осында ауысыпты. Тайынша қаласындағы пешті дұрыс қолданбағаннан тағы бір өрт оқиғасы шықты. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, су қоймаларындағы жағдай да мәз емес. Соңғы екі аптада 3 адам суға батып кетті. Қайғылы оқиға М.Жұмабаев, Қызылжар және Мамлют аудандарында орын алды. Суға кеткендердің барлығы – балықшылар. Бұл да қауіпсіздік ережесін ескермеудің салдары.