Қоғам

СҚМУ-де Астана экономикалық форумына арналған жиын өтті

Мамырдың 22 мен 24 аралығында Елордада VІ экономикалық форум өтпек. Оған 8 мыңнан астам шетел азаматы шақырылыпты. Маңызды шара алдында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де дөңгелек үстел ұыймдастырылды. Жиынға РФ Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының профессоры Анатолий Спицын мен облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов қатысты.

 

Фархад Қуанғанов, облыс әкімінің орынбасары:

-Бүгінде әлем әрбір азаматтың өміріне әсер ететін ғаламдық мәселелерге тап болуда. Бұл қаржы жүйесіндегі дағдарыс. Астана форумында осы проблемалар талқыланбақ.

 

Биылғы форумда алғаш рет антикризистік конференция өтпек.

 

Анатолий Спицын, РФ Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының профессоры:

-Президенттің арқасында форумға атақты ғалымдар жиналады. 5-форум 12 Нобель сыйлығының лауреатының басын қосты. Олар Президенттің ұсынысын қолдап, Нобель сыйлығы лауреаттарының клубын құрды.

 

Дөңгелек үстел барысында ресейлік ғалым жиылғандарға өзінің жаңа кітабын таныстырды. Ол жуырда ғана басылып шыққан.  Кездесу соңында Анатолий Спицын М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры Оңдасын Әшімовке Вернадский атындағы күміс медальды табыс етті.

 

Айдана Демесінова